Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді
Фото: pixabay.com

Бүгінде желіде қызу талқыға түсіп жатқан тақырыптардың бірі - автокөлікті бес минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұл. Көпішілік мұны "жаңа" заң деп қабылдап, наразылықтарын ашық білдіруді. Норманы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 (ЖҚЕ) бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, тұрақ – бұл көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату.

Ведомство бұл жаңалық емес екенін, норма ҚР ЖҚЕ-де 20 жылдан астам уақыт бойы бар екенін атап өтті.

"Егер көлік құралы жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен бес минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, онда бұл жағдай ҚР ӘҚБтК 597-бабының 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамымен ("көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу") қаралатын болады.ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабын бұзғаны үшін азаматтарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде, ал қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

"Ішкі істер органдары азаматтарға осы бұзушылық үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етіп қоймайды. Аталған бап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары келіп түскен кезде және бұзушылық туралы дәлелдер болған кезде ғана қозғалады".ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

Бұған дейін Сенаторлардың Қазақстанда пилотсыз авиация орталығын құруды ұсынғандығы хабарланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты