Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

FlyArystan Павлодар-Алматы рейсінің неліктен бір тәулікке жуық кешіккенін түсіндірді

FlyArystan Павлодар-Алматы рейсінің неліктен бір тәулікке жуық кешіккенін түсіндірді
Фото: pixabay.com

FlyArystan кеше Павлодардан Алматыға ұшуға тиіс рейс неліктен кешіккенін түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусым күні 19:10-да орындалатын КC7132 Павлодар - Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіккен.

Рейс Павлодар қаласының жергілікті уақыты бойынша 5 маусым сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланып отыр.

Әуекомпания өндірістік кідірістің себебін жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

«Бұл рейстің жолаушылары қонақ үйге орналастырылды, сусын мен ыстық тамақ берілді. Біз жолаушылардан бұл қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және біз ұшу қауіпсіздігіне ерекше назар аударатынымызды хабарлаймыз» деп мәлім етті компаниядан.

Рейс кешіккен кезде қолдау көрсетудің мынадай ережелерін бар:

- Рейс екі сағаттан артық кешіккен кезде:

жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын сұрай алады.

- Төрт сағаттан артық кешіккенде, ыстық тамақ ұсынылады.

Сусын мен тағам мәселесі бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласу керек.

- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады.

- Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.

Аталған мәселе бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз, барынша қолдау көрсетіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды