Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда 2024 жылы оның орындалу қорытындысы мен осы жылға арналған жоспары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, экологиялық тәрбиені дамыту, тұрғындардың экологиялық сауатын арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру бойынша инфрақұрылымға халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлары тыңдалды.

Бірінші кезекте осы бағдарламаны іске асыруға жауапты әкімдіктердің жұмысына ерекше назар аударылды.

Роман Скляр «Таза Қазақстан» бастамасының еліміз үшін стратегиялық мәнін атап өтіп, оның еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы 2025 жылғы 3 қаңтардағы сұхбатында аталған бағдарламаны іске асыру барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, әсіресе жергілікті атқарушы органдар тарапынан жауапкершілікті талап ететін ұлттық идеологияның маңызды бөлігі болуға тиіс екенін атап өтті», — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Кеңес қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты