Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Рухия Байдүкенді жанкүйерлері елорда әуежайынан күтіп алды

Бүгін түнде елорда әуежайында «Витебскідегі Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенді жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ халқынаалғысымды айтамын. Ең бастысы, халқыңның махаббатын сезіну, еліңнің сенімойындауы емес пе? Жеңісімді халқыммен бірге тойлағым келеді. Бала кезімненбергі арманым еді бұл. Бүгін алға қойған мақсатыма жеттім», – деді Рухия Байдүкен елорда әуежайында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Рухия Байдүкен өз жеңісін қазақ еліне арнайтынын айтты.

Айта кетейік , 14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде жерлесіміз Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.

Байқау жеңімпазы Рухия Байдүкенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтады.

Одан бөлек, жас әншіні жеңісімен еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да құттықтады.

«Байқауға жалғыз өзім бардым. Алдымен Беларусь астанасы Минскіде президент оркестрімен дайындық өткіздік, сосын Витебскіге бардық. Байқау екі күнге созылды, жеңіске жететініме алғашында күмәндандым, себебі қарсыластарым мықты болды. Дегенмен барынша өзіме сенімділік таныттым», - дейді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты