Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтоты Райымқұлова «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің ашылуына қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған Қазақстан делегациясы жыл сайын Беларусь Республикасының Витебск қаласында өтетін ХХХ «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі. 
Іс-сапар барысында Мәдениет және спорт министрімен бірге Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі Қайрат Аман мен бірінші хатшысы Айгүл Аспандиярова бірге болды. Делегация құрамында «Қазақконцерт» концерт бірлестігінің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы да бар.
Салтанатты ашылу рәсімінде арнайы шақырылған қонақ танымал әнші, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева ән айтты.
Биылғы XXX «Витебсктегі Славян базары» эстрада орындаушылары арасындағы фестивальге 16 мемлекеттің өнерпазы қатысады. Еліміздің атынан Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті Рухия Байдүкенова (22 жаста) өнер көрсетеді. Өзге қатысушылар: Тофик Гаджиев, (29 жас, Әзірбайжан), Даниил Мышковец (20 жас, Беларусь), Мирза Селимович (30 жас, Босния мен Герцеговина), Настя Киль (19 жас, Германия), Михаэль Давид (26 жас, Израиль), Улисес Карл (25 жас, Куба), Абай Серіков (22 жас, Кырғыз Республикасы), Юлия Калинина (30 жас, Латвия), Габриела (18 жас, Литва), Эмиль Кадыров (28 жас, Ресей), Антония Гиговска (20 жас, Солтүстік Македония), Ирина Арсениевич (18 жас, Сербия), Иванна (28 жас, Словакия), Рената Штифель (28 жас, Украина), Ванна (23 жас, Эквадор).
Ал осы жылы қазылар алқасының қатарында танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, XXIV халықаралық «Славян базары» эстрада орындаушылары байқауының Гран-при иегері Димаш Құдайберген жүзден жүйрік өнерпаздарды таңдауға қатысады. Қазылар алқасының толық құрамы мынандай:
Беларусь Республикасының халық артисі, «Сябры» ансамблінің көркемдік жетекшісі Анатолий Ярмоленко (қазылар алқасының төрағасы), пианист, композитор, джазмен, музыкант Леонид Пташка (Израиль), композитор Молдованың халық артисі Константин Москович, әнші, музыкант, композитор Сергей Пенкин (Ресей), әнші, Украинаның халық артисі, «ВИТЕБСК-1993» ІІ халықаралық эстрада орындаушылары байқауының Гран-при иегері Таисия Повалий, әнші, OTTAWAN тобының солисі Патрик Жан Батист (Франция).
Айта кетейік, биыл Витебскідегі «Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалі 15-18 шілде аралығында өтеді. Көрермендің байқауға келуі үшін Беларусь Республикасы 73 мемлекетпен визасыз режимде келіп-кету жүйесін енгізіп отыр. Байқау ересектер мен балалар арасында өтеді.
«ВИТЕБСК-2021» XIX халықаралық балалар арасындағы музыка байқауына биыл 18 мемлекеттің жас әншісі келді. Қазақстан атынан 10 жастағы Амина Асгатова барады. Барлық қатысушы: Карлен Маргарян (12 жас, Армения), Константин Мазуркевич (13 жас, Беларусь), Крум Крумов (13 жас, Болгария), Анастасия (8 жас, Грузия), Мария Лаура (14 жас, Италия), Микаэль (14 жас, Мальта), Юля Телеукэ (14 жас, Молдова), Ника (14 жас, Польша), Ксения Канн (13 жас Ресей), Минка Лаврич (13 жас, Словения), Ялкы Сака, 13 жас, Түркия), Шохруххон Халимхонов (14 жас, Өзбекстан), Даниела (12 жас, Украина), Лара (13 жас, Хорватия), Комнен Вукович (12 жас, Черногория), Адела Крживанкова (13 жас, Чехия), L’era (12 жас, Эстония).
Ал қазылар алқасының құрамында әнші, Сербияның еңбек сіңірген артисі, «ВИТЕБСК-1995» IV халықаралық эстрада орындаушылары байқауының Гран-при иегері Филип Жмахер (қазылар алқасының төрағасы), әнші, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген артисі Ирина Дорофеева, әнші, «ВИТЕБСК-2005» XIV халықаралық эстрада орындаушылары байқауының ІІІ орын иегері Эмилия Валенти (Болгария), журналист, RAI 1 телеарнасының жүргізушісі Паоло Нотари (Италия), композитор Виталий Осошник (Ресей), әнші, Өзбекстанның халық артисі Мансур Ташматов, әнші, тележүргізуші, Украинаның халық артисі Оксана Пекун бар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті