Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыс қорытындылары және ұлттық компанияның ел экономикасына одан әрі инвестиция тарту жөніндегі жоспарлары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев биыл орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде 4,8 мыңға жуық жұмыс орнын аша отырып, құны $1,1 млрд-ты құрайтын 22 инвестициялық жоба іске қосылғанын баяндады. Бүгінгі таңда Алматы облысында вольфрам кендерін өңдеу және Алматы қаласында ісікке қарсы бірегей препараттар өндіру кәсіпорындары және басқа да нысандар ашылды.

Сонымен қатар 7 жоба бойынша, оның ішінде Жамбыл облысында 1 ГВт ЖЭС салу, Алматы облысында сүт өнімдерін өндіру, Шымкент қаласында жылыжай кешенін салу бойынша жалпы құны жалпы $2,5 млрд болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан экономикасының перспективалы салаларына инвестиция тартудың мақсатты жаңа тәсілі енгізілді. Астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай химиясы және мұнай-газ жабдықтарын өндіру секілді 4 бағыт анықталды.

Алдағы үш жылда CHN Energy, Carlsberg, PepsiCo, ULTRADECOR, LASSELSBERGER GROUP сияқты және басқа да компаниялармен бірлесе отырып, ірі жобаларды жүзеге асыру үшін $10 млрд тарту жоспарланып отыр.

Инвестициялық қызметті цифрландыру бойынша ақпарат тыңдалды. Инвестициялық жобаларды барлық кезеңдерде – оларды іске қосудан бастап пайдалануға беру және одан кейінгі үш жылдық мониторингіге дейінгі сүйемелдеудің кешенді экожүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инвесторлармен өзара іс-қимыл «бір терезе» қағидаты бойынша құрылады, сонымен бірге «жасыл дәліз» және «прокурорлық сүзгі» тетіктерінің жұмысы қамтамасыз етіледі. 

Отырыс қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты