Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолада полицейлер өзін нашар сезінген жүргізуші әйелді құтқарды

Ақмолада полицейлер өзін нашар сезінген жүргізуші әйелді құтқарды
Фото: Polisia.kz

Ақмолада полицейлер өзін нашар сезінген жүргізуші әйелді құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

25 қарашада сағат 20:40 шамасында Астана – Қабанбай батыр автожолының 20-шы шақырымында орналасқан «Бекет» блокбекетінде кезекшілік атқарған полиция қызметкерлеріне күтпеген жағдайға тап болған әйел жүгінді. Toyota көлігінің жүргізушісі өзін кенеттен нашар сезініп, жағдайының күрт нашарлағанын, жүрек сыр беруі мүмкін екенін жеткізді.

Жағдайдың шұғылдығын түсінген тәртіп сақшылары бірден әрекетке көшті. Кезекші бөлімге оқиғаны баяндаған соң, олар әйелді көліктің жолаушылар орындығына ауыстыруға көмектесті. Бір полицей рульге отырып, оны шұғыл түрде Қосшы қаласындағы ең жақын медициналық мекемеге жеткізді. Полиция қызметкерлері әйелді аурухананың екінші қабатына көтеріп, дәрігерлердің қолына тапсырды. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында науқастың жағдайы тұрақтандырылып, қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Осы оқиғадан кейін азаматша полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді. Ол тәртіп сақшыларының жеделдігі мен жанашырлығына ерекше алғысын айтып, олардың осындай қиын сәтте қол ұшын созғанын жоғары бағалады.

Мұндай жағдайлар тәртіп сақшыларының күнделікті қызметінде жиі кездеседі. Олар азаматтардың өмірін сақтап қалуға және қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге үнемі дайын екенін іс жүзінде дәлелдеп келеді. Ақмола өңірінде тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірген халықтың жылы сөздері олардың ауыр да жауапты қызметін жалғастыруға үлкен жігер береді. Құқық қорғаушылар әрдайым тұрғындардың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірін қорғауға дайын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты