Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция әйелімен жанжалдасқан мас жүргізушіні құрықтады

Елордада полиция әйелімен жанжалдасқан мас жүргізушіні құрықтады
Фото: polisia.kz

Елордада полиция әйелімен жанжалдасқан мас жүргізушіні құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі сағат 02:00 шамасында “102” пультіне оқиға куәгерінен жол бойында GEELY көлігінің мас жүргізушісі әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілген. Тәртіп сақшылары жеткенде жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенген. Алайда көп ұзамай қолға түскен.

Тергеу барысында көліктің ішінде жүргізушінің әйелі болғаны анықталды. Оқиға алдында ерлі-зайыптылар дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйде көлікке отырып, көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылар арасындағы шыққан жанжал жалғасып, жүргізуші көліктен әйелді мәжбүрлі түрде сүйреп түсірген.

Құрықталған жүргізушіні полицейлер бірден көлік жүргізуден шеттетіп, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, бағынбаған.

Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу ақарастырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылған.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында полицейлер “Мас жүргізуші – қылмыскер!” атты жергілікті рейдтік шара өткізуде.
Іс-шараның екі күнінде полицейлер 38 жүргізушіні ұстады, оның 34-і мас күйінде болғаны анықталса, 1 мас күйіндегі жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болған. 36 көлік коммуналдық тұраққа қойылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты