Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

20 млн теңге шығын: Түркістан облысында полиция мал ұрлығының 6 фактісін анықтады

20 млн теңге шығын: Түркістан облысында полиция мал ұрлығының 6 фактісін анықтады
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыс атқару нәтижесінде екі тәулік ішінде мал ұрлығына байланысты 6 қылмысты ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер мал ұрлаушылардың бір қылмыстық тобын, мал ұрлығымен айналысқан 5 күдіктіні ұстады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 20 миллион теңгені құрады. Иелеріне барлығы 114 мал қайтарылды. Оның ішінде жоғалған малдар да бар.

Мысалы полицейлер Бәйдібек ауданында 24 жастағы күдіктіні жылқы үйірін ұрлап кеткені үшін ұстады. Шопан болып жұмыс істеген жас жігіт жайылымнан 24 жылқыны жымқырған. Тергеу барысында оның бұрын ауыл тұрғындарының бірінің жылқыларын сатқаны, содан кейін қылмысын жасыру үшін басқа біреудің малын ұрлағаны анықталды. Шығын шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Созақ ауданында тағы бір жылқы ұрлығы анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде полицейлер 19 бас жылқыны ұрлауға қатысы бар 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті ұрланған малды танысының үйіне жасырып, сатып жіберуді жоспарлаған. Шығын 7,5 миллион теңгені құрады. Тәркіленген үйір иесіне қайтарылды.

Сонымен қатар Шардара ауданындағы полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарынан мал ұрлады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Күдіктілердің үшеуі түнде жәбірленушілердің шаруа қожалықтарына кіріп, қойларды ұрлап, содан кейін мал базарға сатқан. Бүгінгі таңда олардың 200 мың теңгеден асатын мал ұрлығының 2 фактісіне қатысы бары дәлелденді. Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер қамауға алынды және тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты