Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мас күйде пойызға зақым келтірген жолаушы жауапқа тартылды

Мас күйде пойызға зақым келтірген жолаушы жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Мас күйде пойызға зақым келтірген жолаушы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы – Астана бағытындағы жолаушылар пойызы Сарышаған станциясына келгеннен кейін көлік полицейлері пойыз бастығының актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.

Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру кезінде Алматы қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жол жүру барысында спирттік ішімдіктер ішкен, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған және вагон дәретханасындағы вентиляцияны бұзып, бекіткішті жұлып алған.

Ер адам алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, тыныштықты бұзғаны, жалпы пайдаланымдағы көлік құралдарының ішкі жабдықтарын бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 40 мыңнан астам азамат, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 3178 азамат жауапқа тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады