Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әуежайында мас жолаушы бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана әуежайында мас жолаушы бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Астана әуежайында мас жолаушы бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Астана – Алматы бағытындағы әуе рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде болды.
Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны масаң күйде қоғамдық орында балағат сөздер айтып, тексеру қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған.

Мән-жайды анықтау барысында ер адам билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамаған. Алайда, қарсылық танытқанына қарамастан, құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлмесіне жеткізілді.

Ұсталған азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, ұсақ бұзақылық жасап, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Айта кету керек, бұл құқық бұзушы бұған дейін бір жыл ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 26 330 құқық бұзушыны анықтап, жауапқа тартқан болатын. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 1 992, ұсақ бұзақылық үшін – 219, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін – 23.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады