Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полицейлер заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтады

Елордада полицейлер заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтады
Фото: Polisia.kz

Астана қаласы полиция департаменті елорда көшелеріндегі және қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ЖПШ қорытындысы бойынша астаналық гарнизон қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 132 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қабылдаушы тұлға құжаттарды дайындау бойынша шараларды қабылдамағаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу құқығы үшін Қазақстан Республикасының 26 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын жұмысқа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 3 азамат жауапкершілікке тартылды. Елден 35 шетел азаматы шығарылды.

Бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылып, алайда сот үкімін орындамай елге қайта келген Тәжікстан Республикасының төрт азаматы анықталды. Аталған шетел азаматтары әуежайға жеткізіліп, полиция қызметкерлерінің бақылауымен еліміздің аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.

Тәртіп сақшылары елге заңсыз келген шетел азаматтары туралы ақпарат болса, дереу жақын жердегі ішкі істер бөліміне немесе “102” нөміріне хабарласуды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты