Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 95 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 95 шетелдік жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 95 шетелдік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда аумағында осы жылдың 20 қарашасынан бастап “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алдын алу іс-шарасының негізгі бағыттары – көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, вандализм фактілерінің жолын кесу, заңсыз көші-қонды анықтау және т. б.

“Құқықтық тәртіп” жедел шарасын өткізу кезінде елордалық полиция қызметкерлері базарларды, құрылыс нысандарын, қоғамдық тамақтандыру мекемелерін, жатақханалар мен өндірістік кәсіпорындарды тексерді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 95 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар Өзбекстан, Тәжікстан, ҚХР және Моңғолия азаматтары. Заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 25 қазақстандық жауапқа тартылды. Іс-шара басталғаннан бері 7 шетелдік азамат елімізден шығарылды.

Айталық, рейдтік іс-шаралар барысында көші-қон қызметінің полицейлері “Эко-полигонда” заңсыз еңбек қызметі фактісін анықтады. Зауытта Өзбекстан Республикасының 25 азаматы рұқсат құжаттары мен жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жұмыс істеген. Бұл азаматтардың полигон аумағында жатақханада тұрғаны анықталды.

Жергілікті атқарушы органның рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша жауапқа тартылды. Барлық шетел азаматтары жеке басын анықтау үшін Астана қаласы ПД қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады