Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі тасымалдауға қатысы бар ер мен әйелді қолға түсірді.

Тәртіп сақшылары оларды есірткіні жасыру кезінде ұстады. Әйелді жеке тексеру барысында оның күртешесінің қалтасынан ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ салынған 14 полиэтилен орамы табылып, тәркіленді. Ер адамның да шалбарының қалтасынан дәл сондай бір орам есірткі анықталды.

Күдіктілер полицияға есірткі жасырылған орындарды көрсетті. Сол жерлерден құқық қорғау қызметкерлері өзіне тән иісі бар ұнтақ салынған 10 полиэтилен орамын тауып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал ер адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кету керек, ұсталған әйел бұған дейін, қыркүйек айында, есірткі сатқаны үшін жауапқа тартылған болатын. Алайда ол қылмыстық әрекетін тоқтатпай, жалғастырған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрестің құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі екенін еске салады. Заңнамаға сәйкес, есірткі заттарын таратқаны үшін бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады