Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орал полицейлері есірткі қойып кетумен айналысқан оқушыны ұстады

Орал полицейлері есірткі қойып кетумен айналысқан оқушыны ұстады
Фото: polisia.kz

Оралда синтетикалық есірткі затын сату үшін жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жастағы оқушы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кешенді жоспар аясында есірткі қылмысына қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында есірткі дақылдарын өсіретін жерлерді және олармен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция департаментінің қызметкерлерімен 94 есірткі қылмысына қатысты құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 44 қылмыс және 55 қылмыстық әрекет анықталды.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қалалық ПБ қызметкерлері жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жастағы қала мектептерінің бірінде оқитын 11 сынып оқушысын қолға түсірді. Ол қылмыс үстінде ұсталды, оны жеке тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған жасыл түсті изолентамен оралған 2 қаптама табылып, тәркіленді. Оның телефонын тексеру кезінде жасыру орындарының координаттары анықталды, оның көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді.

Сараптама бойынша тәркіленген заттың салмағы 20,18 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екенін анықталды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді