Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды

Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуезов ауданында суару-жуу кешендері, қоқыс таситын машиналар, жол тазалайтын машиналар және асфальтта люктерді кесуге арналған арнайы жабдықтар сынды қалаға қызмет көрсететін көпфункционалды техникалар құрастырылып жатыр. Цехтың жұмысымен Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында танысты.
Коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехы Eurasia Special Machines (ESM) қазан айында іске қосылған болатын. Бұл жоба «Евразия СТ» компаниясының 3 млрд теңге инвестициясының арқасында жүзеге асырылып, 50 жұмыс орны ашылды.Жылына 30 әмбебап Pony P4 машинасы, 50 су себу кешені, 30 қоқыс таситын машина және т.б. техника өндіру жоспарланып отыр. «Алматы Тазалық» компаниясы қазірдің өзінде тротуар тазалауға арналған әмбебап машиналар мен жолдарды қысқы өңдеуге арналған жабдықтар сатып алды. Ерболат Досаев қала көшелерін тазалауға арналған заманауи техниканың маңыздылығын атап, осы саладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады