Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында полиция есірткі сатушыдан 18 келі гашиш тәркіледі

Ақмола облысында полиция есірткі сатушыдан 18 келі гашиш тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының елордаға жақын аудандарының бірінде полицейлер кезекті есірткі сатушының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді жедел жұмыстардың нәтижесінде күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 18 килограмнан астам гашиш тәркіленді.

Бұл операцияға полиция департаментінің қызметкерлері мен 5573 әскери бөлімінің кинологтары Макс, Рич және Самурай есімді қызметтік иттермен қатысып, іздестіру және анықтау шараларында маңызды көмек көрсетті.

Тінту барысында төрт аяқты көмекшілер күдіктінің үйінен тыйым салынған зат салынған қапты, сондай-ақ тіркелмеген қаруды тауып, полицейлерге үлкен жәрдемін тигізді.

Зерттеу барысында күдіктінің есірткіні сақтап қана қоймай, оны сатумен де айналысқаны анықталды. Полиция қызметкерлері алдын ала оралған есірткілер мен қажетті құралдарды тәркілеп, оның тұрғылықты жерін “есірткі дүкеніне” айналдырғанын айғақтады.

Қазіргі уақытта аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 48 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады