Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер тасжолдарда тәулік бойы қызмет етіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары қозғалысты реттейді және қиын жағдайға түскен көлік жүргізушілеріне көмектеседі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күн ішінде облыс жолдарында 30 көлік соқтығысқан және 4 автокөліктің аударылу дерегі тіркелді. Зардап шеккендер жоқ.
5 қарашада шамамен сағат 10.00-де Мәртөк ауылының маңында Ақтөбе – Орынбор тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. MAN жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, аударылды. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушысын ауа райының қолайсыздығына, қар аралас жауын-шашынға байланысты жолда барынша мұқият және сақ болуға шақырады.