Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ күрделі метеожағдайларға байланысты жолдардың жабылуы туралы ақпаратты назардан тыс қалдырмауға шақырады

ІІМ күрделі метеожағдайларға байланысты жолдардың жабылуы туралы ақпаратты назардан тыс қалдырмауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райы нашарлаған жағдайда қаладан тыс жолдарға шықпаған жөн, ал егер жолда болсаңыз, өте мұқият және абай болу керек.

“Жүргізушілерді қауіпсіз жылдамдықты міндетті түрде сақтауға шақырамыз. Автокөліктер арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықтарды естен шығармаған жөн, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жолда маневр жасау кезінде мұқият болу керек.

Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпті жағдай туындағанда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік болатындай жылдамдықты мейлінше азайту керек.

Жаяу жүргіншілер пайда болған кезде өте мұқият болыңыз және қолайсыз ауа райында олардың көру мүмкіндігі шектеулі болатынын есте сақтаңыз.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдың дымқыл бетінде көліктің тоқтау қашықтығы айтарлықтай арта түсетінін білуі керек”, – деді ведомство өкілдері.

Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғалары санының күрт артып отырғанына назар аударады.

Мұндай апаттар, әдетте, көлік кептелісінің болуына әкеп соғады. Ал жол-көлік оқиғасының орын алуына жүргізушілердің салғырттығы, ауа райының қиын жағдайында көлік жүргізуге икемі болмауы себеп болады.

Жол жүрісіне қатысушылардың барлығы жолда қиын жағдайға тап болған кезде 102 телефоны арқылы тәулік бойы полиция бөліміне хабарласа алады.

Полиция қызметкерлері жан-жақты көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда техникалық қызметті немесе эвакуаторды шақыруға көмектеседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты