Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 18 қазанда сағат шамамен 19:10-да Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылының маңында болды. 30 жастағы мотоцикл жүргізушісі далалық жолдан басты жол Самара – Шымкент автожолына шыққан кезде Өзбекстан азаматының басқаруындағы DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі автожолда Әйтеке би ауданы жағынан Қызылорда облысына қарай жүріп келе жатқан.

Жол апаты салдарынан мотоцикл тізгіндеген Құмтоғай ауылының тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында ажал құшты. Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігінің болмағаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс аясында тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көліктің техникалық жай-күйін үнемі бақылауда ұстауға, тиісті санатсыз және құжатсыз көлік құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді