Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында полицейлер браконьерден 50 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі

Алматы облысында полицейлер браконьерден 50 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында полицейлер браконьерден 50 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

27 қазанда “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Балқаш ауданының Құйған ауылы маңында полицейлер көрші Жамбыл облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам моторлы қайықпен және тыйым салынған моножіпті торлармен балық аулаған.

– Тінту кезінде құқық бұзушыдан 50 келіден астам көксерке, сондай-ақ заңсыз аулау құралдары табылды. Күдіктіге қатысты балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген залал 425 844 теңгені құрайды, – деп атап өтті Балқаш аудандық полициясының бастығы Айдар Умаров.

Тәркіленген балық кейіннен сату және мемлекет пайдасына түскен қаражатты аудару үшін қабылдау пунктіне өкізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазаннан 19 қарашаға дейін облыс аумағында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, оның мақсаты табиғат қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану, сатып алу, өткізу орындары, заңсыз өндірілген объектілер мен биоресурстар өнімдерін сату фактілерін анықтау болып табылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты