Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу полицейлері браконьерден 120 келіден астам балық тәркіледі

Жетісу полицейлері браконьерден 120 келіден астам балық тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жетісу полицейлері браконьерден 120 келіден астам балық тәркіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Браконьерлікпен айналысқан күдікті 3 ақпанда Сарқан ауданындағы Балқаш көлі маңында облыстық табиғатты қорғау полициясы және Балқаш – Алакөл Балық инспекциясының қызметкерлерімен ұсталды. Оның УАЗ маркалы жол талғамайтын көлігінің ішінен құқық қорғаушылар 120 келіден астам заңсыз ауланған балық пен тыйым салынған моножіпті торларын тәркіледі.

– Ұсталған жергілікті тұрғынға қатысты балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал әзірге есептелуде. Тәркіленген балық кейіннен сату және түскен қаражатты мемлекет пайдасына аудару үшін қабылдау пунктіне тапсырылды, – деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының бастығы Бағлан Рымжанов.

2 келіден астам табан және 113 келі астам көксерке балықтары, сондай-ақ 100 метрден астам моножіпті торлары тәркіленді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты