Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құтқарушы күні қарсаңында Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға  ҚР  Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Жаңа өрт сөндіру депосы Сайрам тұрғын алабында салынды, ол 5 тұрғын алабы тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жергілікті бюджет  есебінен салынып жатқан бұл өрт сөндіру депосы төрт шығуға арналған. Екі қабатты өрт сөндіру депосында өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған: оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмесі, спорт және мәжіліс залы, техникалық үй-жайлар, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы және 100 метрлік кедергілері бар жолақ қарастырылған.

Жаңа өрт сөндіру депосында 50 өрт сөндіруші қызмет атқаратын болады. Аталған өрт сөндіру бөлімі заманауи өрт сөндіру техникаларымен қамтамасыз етілген.

Жаңа өрт сөндіру депосы өрт сөндірушілердің қызмет атқару және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда үшінші мегаполисті өрт қауіпсіздігімен 10 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етеді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен Тұран, Сәуле, Бозарық  шағын аудандарында, сондай-ақ Елтай, Жаңаталап  тұрғын алаптарында жаңа өрт сөндіру депосының  құрылысы  жүргізілуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді