Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңталаптағы жаңа көпір қолданысқа берілді

Жаңталаптағы жаңа көпір қолданысқа берілді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында тұрғындармен көшпелі кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, осы жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп кетуіне байланысты 2-тіректің түбін шайған. Соның нәтижесінде тіректің іргетасының жер деңгейінен төмен бөлігі (свая) ашылып, көпір жарамсыз күйге түсті.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпірге  осы уақытқа дейін көпірдің конструктивтік бөліктері бойынша ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Аталған көпір Жаңаталап тұрғын алабын орталықпен байланыстырып тұрған негізгі жолдың бойында орналасқан.Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан апаттың алдын алу мақсатында тіректердің астына 40 машина ірі бетон құрылыс қалдықтарын тастауына және 15 техника жұмылдырылуына қарамастан Бадам өзенінің су ағыны қатты болуына байланысты көпір тіректерінің қисаюына алып келді.

Көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме анықталып, бұзу жұмыстары және көпірге қажетті элементтері бірден дайындалды. Көпір 18 метрлік балкалар арқылы 5 өткелден (тіректен) тұрады.  

Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс мерзімі 9 ай, алайда нысанның маңыздылығын ескере отырып, 4 айда құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты