Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімі тұрғындармен кездесті

Шымкент қаласының әкімі тұрғындармен кездесті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған негізгі басымдықтың бірі - халық үніне құлақ асатын мемлекет позициясы. Бұл жүйеде Үкіметтен бастап жергілікті әкмдіктер - азаматтардың ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформаларды ұсынады. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен көшпелі кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа форматтағы  кезекті жүздесу Абай ауданындағы Самал-2, Шұғыла, Ынтымақ-2, Қызылжар, Жайлау және Алтынтөбе шағын аудандары мен тұрғын алаптарында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары толғандырған сұрақтарын жолдап, қаланы дамытуда ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар елді мекендерде мектеп, шағын футбол алаңын, мешіт, балабақша және мәдениет үйін салу мүмкіндіктері талқыланды. Азаматтар тарапынан көтерілген кей мәселелер кездесу барысында шешімін тапты. Аудан әкімдігіне және тиісті басқармалардың басшыларына туындаған мәселелерді келесі жылдың жұмыс жоспарына енгізу тапсырылды. Қала берді, аула аумақтарын абаттандыру мен көгалдандырудың, жасыл желектерді суарудың, балалар және спорт алаңдарын салудың өзекті мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жоғарыда аталған шаралар - қала тұрғындарының өмірі үшін қауіпсіздік пен қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі басым міндет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың талап-тілектері бойынша жалғасатын болады.

Шымкенттіктер тұрақтарды кеңейту, тұрғын-үй қорын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде үйлерді жөндеу, жер учаскелерін заңдастыру, тұрғын үйге кезекке қою, жылу желілерін жөндеу және ирригациялық жүйелерге қатысты мәселелерді де көтерді. Сонымен қоса үйлерді күтіп ұстап, жөндеуді, жалпы үй мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үшінші мегаполис басшысы басқару органын, яғни мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті құру қажеттігін ерекше атап өтті. Кездесу соңында қала әкімі сындарлы диалогқа уақыт бөлген тұрғындарға алғысын білдірді. Азаматтар өтініштерінің назардан тыс қалмайтынын да жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді