Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шайнектің ішіне жасырып өткізбек болған күдікті анықталды

Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шайнектің ішіне жасырып өткізбек болған күдікті анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шайнектің ішіне жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінің сәлемдемелерді қабылдау-тексеру бөлмесінде 1990 жылы туған Р. есімді жігіттен шайнектің ішіне салып өткізбек болған есірткі затына ұқсас ұнтақ тәркіленді.

№72 мекеменің күдіктілер мен сотталғандарға әкелген сәлемдемелерді қабылдау орнында бақылаушылар әр затты мұқият тексереді және сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, онда бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза айқын жазылған. Соған қарамастан бақылау пунктінде сәлемдемелердің ішінен тыйым салынған заттарды анықтау фактісі жиі тіркеледі.

Күдікті азамат тыйым салынған зат ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімі бойынша, яғни бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін Әуезов аудандық сотымен 2 жыл 6 айға сотталған Б. есімді сотталған туысына жеткізбек болған.

Аталған дерек тасымалды бейнетіркегішке тіркелген. Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады