Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Қызылорда облысында 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Биыл Қызылорда облысында 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы күресті үздіксіз жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі – ғасыр дерті. Оның алдын алу бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Бұл мақсатта елімізде 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешені әзірленіп, бекітілді. Осыған орай Қызылорда полицейлері ұлт болашағына қатер төндіретін бұл дертпен күресті белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Өңірде жыл басынан бері тәртіп сақшылары 256 құқық бұзушылықты, оның ішінде 107 есірткі қылмысы мен 149 теріс қылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 48,9 келі марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1 келі гашиш тәркіленді. Екі есірткі зертханасы анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде меф және a-PVP синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде тасымалдаудың төрт дерегі анықталып, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды.

Тәртіп сақшылары прокуратура, “Amanat” партиясының өкілдері және еріктілермен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша ауқымды акция өткізді. 50-ден астам граффити-жазу өшірілді. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында “Киберқадағалау” ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 141 сайт енгізіліп, бұғатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді