Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда алимент төлемеген 81 әке қамауға алынды

Алматыда жыл басынан бері алимент төлемеген 141 әке әкімшілік жазаға тартылды. Мұндай статистиканы қалалық Әділет департаментінің басшысы Абай Арап Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Оның айтуынша, алиментті өндіріп алу әлеуметтік маңызды санатқа жатады және ол ведомствоның ерекше бақылауында. Биыл әділет департаменті 141 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, 81 адам әкімшілік қамауға алынды.


Алимент бойынша 4 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды, сот орындаушыларының 4 ұсынысы анықтау органдарының қарауында.

«Борышкерлер 50 млн теңгеден астам берешекті төледі, осылайша департамент сот актілерін орындау жөніндегі міндеттерді шешіп, алдағы уақытта да істердің әлеуметтік маңызды санаттарын нақты орындау үшін жұмыс істей бермек»,- деді ол.


Айтуынша, берешегі, мүлкі бар борышкер болған жағдайда сот орындаушылары оларды іске асыру жөнінде шара қабылдайды.


«2022 жылы сот орындаушылары берешекті өтеу есебінен 3 жылжымайтын мүлік, 7 жылжымалы мүлік сатты, сол арқылы 20 млн теңгеден астам берешек өтелді»,- деді Абай Арап.


Бұдан бөлек, биыл 50-ден астам отбасы қайта қосылып, алимент төлеу мәселесі жойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді