Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорған полициясы мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

Талдықорған полициясы мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің және ҚР ҚАЖК-нің үйлестіруімен мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған шетелдік Қылмыстық кодекске сәйкес иемдену немесе жымқыру арқылы ұрлық жасады деген айыппен өз елінде іздеуде жүрген 20 жастағы ер адам екені анықталды.

Соттан жалтарған азамат 2023 жылдың 29 желтоқсанында Ташкент облысының бас ішкі істер басқармасы іздеуге жариялаған. Ол іздеу жарияланғанын білген соң Өзбекстаннан кетіп, Қазақстанға келген, Шымкент қаласында жасырынып, наубайшы болып жұмысқа орналасуға шешім қабылдаған. Алайда көп ұзамай, осы жылы ол Талдықорғанға көшіп келіп, аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасқан.

Жедел деректер бойынша іздеуде жүрген адам Талдықорғанда ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны Өзбекстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралуда, онда ол сот алдында жауап береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады