Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ұсталды

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік азаматты ұстады.

Нақтырақ айтсақ, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматын Отырар ауданында ұстады. Ер адам өз елінде ұрлық бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.

Бір тәуліктен кейін Сайрам ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстанның тағы бір азаматын ұстады. Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұр. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 11-30 қыркүйек аралығында Түркістан облысының аумағында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Жалданушы – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты