Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында тұрғыннан 7 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Жамбыл облысында тұрғыннан 7 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіленді. Қара нарықтағы құны – 7 млн теңге, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2024” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы – Қарағанды автожолының 430-шақырымында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты.

Тэя қызметтік итінің көмегімен автокөлікті тексеру барысында жүк салғыштан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис шайыры екені анықталды. Қара нарықтағы құны – 7 млн теңгеден асады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады