https://kaz.inform.kz/news/medsaktandiru-kori-karazhat-tapshiligi-116-mlrd-tengege-zhetkenn-malmded-a9d0bd/
Іс-шараға вице-министрден бөлек, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысып, туризм және көшпенділер ойындары туралы шетелдік журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап берді.Брифинг барысында Серік Жарасбаев келген қонақтарға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәні терең, мазмұны бай ауқымды іс-шара екенін, оның қазақ жерінде ұйымдастырылуы еліміз үшін зор мәртебе, үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Сондай-ақ аталған дода ұлттық спорт түрлерін дамытуға ғана емес, сондай-ақ мәдени мұрамызды, туристік әлеуетімізді әлемге паш етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы спорт арқылы мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетінін жеткізді.«Дүбірлі дода арқылы елімізге мыңдаған турист келіп жатыр. Олардың қатарында сіздер де барсыздар. Біз ұйымдастырған іс-шаралар сіздерге ұнап жатыр деп ойлаймын. Осы жарысты өткізуге тынғылықты дайындалдық. Спорт жарыстары 7 нысанда өтуде. Көшпенділер ойындары үшін жаңадан спорт нысанын салған жоқпыз. Барлығы – жұмыс істеп тұрған ғимараттар. Біз спорттан бөлек, мәдени және ғылыми бағдарламаға ерекше назар аудардық. Мұндай үлкен іс-шарадан ғылыми тұрғыдан да із қалдыру қажет деп есептейміз», - деді Серік Жарасбаев.Кездесуге АҚШ, Қытай, Франция, Италия, Чехия, Жапония, Польша, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де мемлекеттердің журналистері келді. Жалпы алғанда, іс-шараға 50-ге жуық елдің өкілі қатысты.