Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale басшылығымен цифрлық саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale басшылығымен цифрлық саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale компаниясы басшылары Майкл Дикерсон және Дэниел Дикерсонмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Үкімет инвестиция көлемін ұлғайту, озық технологиялар трансферті, өндірістерді локализациялауға және шетелдік инвесторлардың қатысуымен терең өңдеу кластерлерін құруға бағытталған.

Кездесу барысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологиялар трансферті саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Компанияның есептеу қуатының өсуін қамтамасыз ету және IT қызметтер экспортын арттыру тәсілдері қаралды.

TSC Global / GK Hyperscale бас атқарушы директоры Майкл Дикерсон жоғары білікті мамандарға арналған 300-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін жобаға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Анықтама: TSC Global / GK Hyperscale – елдер үшін қауіпсіз цифрлы инфрақұрылым құруға маманданған халықаралық компания. GK Аустралияда және басқа да бірқатар елде заманауи деректер орталықтарын (ДО) және инфрақұрылымдық жобаларды салумен әрі пайдаланумен айналысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты