Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары жылы: Үкіметте кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту шаралары қаралды

Жұмысшы мамандықтары жылы: Үкіметте кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту шаралары қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлау және олардың біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ аталған кәсіптердің беделін арттыру жөніндегі шаралар қаралды. Мәселеге қатысты оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері баяндама жасады. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов және өңірлік колледж басшылары тыңдалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланып, кәсіптік-техникалық білім беруді елеулі түрде қайта жаңғырту жоспарлануда. Аталған өзгерістер кадрлар даярлауға заманауи жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі таңда қазақстандық 772 колледжде 15 бағыт бойынша мамандар даярлануда. Жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу деңгейі 70%-ға жетеді. 

Үкімет басшысы экономиканың орнықты өсуі мен жаңа өндірістерді ашу кезінде елімізде білікті жұмысшылардың жетіспейтінін атап өтті. білікті кадрлар даярлау – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып қала бермек. Сондықтан еңбек нарығының, бизнестің және білім алушы жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін жүйелі шаралар кешенін әзірлеу керек.

Соңғы жылдары кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамытуда бірқатар прогрессивті қадамдар жасалды. Қазір колледждер жұмысшы мамандықтары бойынша тегін оқытады, кадрлар даярлауға арналған  мемлекеттік тапсырыс көлемі айтарлықтай ұлғайтылды. бұған дейін колледждерге бюджет есебінен  жыл сайын 93 мыңға жуық студент қабылданып келсе, ағымдағы жылы олардың саны 142,5 мыңға дейін жетті. Биыл колледж студенттерінің стипендиялары 50%-ға өсті. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. «Жас маман» жобасы аясында 180 колледжді қайта жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 48 млрд теңге бөлінді.

Премьер-Министр қабылданған шараларға қарамастан, кадр даярлаудағы әлеуеті жеткілікті түрде ашылмағанына – кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту қажеттігіне назар аударды.

«Халықаралық салалық стандарттар мен  сертификаттауды белсенді түрде енгізу қажет. Ол үшін Оқу-ағарту министрлігі жұмыстың сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуі керек. Сондай-ақ  технологиялық көшбасшыларды айқындай отырып, колледждерді кәсіби бейімдеу мен саралауды аяқтауы қажет», —  деп атап өтті Олжас Бектенов. Білім беру ұйымдарын ынталандыру жүйесі мен белгіленген KPI колледждерді оқу сапасын арттыруға талпындырады.

Негізгі міндет – техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау бойынша кешенді жоспар әзірлеу. Тиісті тапсырма мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, «Атамекен» палатасымен бірлесе орындау үшін Оқу-ағарту министрлігіне берілді. Құжат колледждерді техникалық жағынан қамтамасыз ету, оқытушылар құрамы мен оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар, колледждердің жұмыс сапасын бағалау және оларды қаржыландыру бағытында нақты шараларды қамтуы тиіс.

Сондай-ақ Үкімет басшысы университеттер мен колледждердің білім беру бағдарламалары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бүгінде еліміздегі 30 жетекші жоғары оқу орны сәйкес білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын 100-ден астам колледждермен серіктестік орнатқан.

«Дуальды оқытуды белсенді дамытып, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кадрларды нақты кәсіпорындар үшін  мақсатты даярлау жүйесін кеңейту қажет. Колледждер жастарымыз бен жұмыс берушілер  және инвесторлар үшін «тартылыс орталығына» айналуға тиіс», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еңбек министрлігіне «Атамекен» палатасы салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті еуропалық жіктеуіш негізінде Цифрлық дағдылар банкін, ал Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы негізінде түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін сертификатталған колледж түлектерінің тізілімін құрутапсырылды. Аталған цифрлық шешімдер түлектерді жұмысқа орналастыру процесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Премьер-Министр кәсіпкерлік блокты оқу үдерісіне тартудың және жұмысшы кәсіптері бойынша кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кадр даярлау сапасы мемлекет, кәсіпорындар мен оқу орындары арасындағы жауапкершіліктің ара-жігін нақты бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Сондықтан біз бизнестің осы процестегі рөлі мен  белсенділігін арттырғымыз келеді. Біздің бірлескен жұмысымыздағы ең басты мақсат – колледж түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болып, лайықты жалақы алуы тиіс», —  деп толықтырды Олжас Бектенов.

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс шеңберінде Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне ұқсас мамандықтар бойынша университеттерде оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектеріне арналған  гранттар санын ұлғайта отырып, мемлекеттік тапсырыс құрылымын қайта қарау тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі