Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Telegram-нан тапсырыс түскен: Таразда есірткі курьері 10 жылға сотталды

Telegram-нан тапсырыс түскен: Таразда есірткі курьері 10 жылға сотталды
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі тасымалдаумен айналысқан курьерге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Айыпталушы 2023 жылдың қыркүйегінде «Telegram» мессенджері арқылы «Ол» деген бүркеншік есімді азаматпен танысып, Тараздың аумағында бір жеткізілім үшін 1 мың теңге алып, есірткі курьері ретінде жұмысқа орналасқан.

Сотталушы 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың ақпанына дейін алдын ала көрсетілген геолокациялардан психотроптық заттарды жинап, оларды белгілі бір дозаларға бөліп «Zip» пакеттеріне салып, өткізіп отырған.

«Полицейлер есірткі жеткізушіні 2024 жылдың ақпанында таңертең кезекті дозаны қоюға оқталған уақытта ұстады. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 18,73 грамм болатын «пирролидин» және «фенилпентан» табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен К. Есімді айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлімі, 1,3,5-тармақтары бойынша көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді