Дс, 12 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда полицейлер есірткі жасырып кетушіні құрықтады

Таразда полицейлер есірткі жасырып кетушіні құрықтады
Фото: polisia.kz

Таразда полицейлер есірткі жасырып кетушіні құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында полицейлер есірткіні жасырып кетумен айналысқан ер адамның “жұмысын” тоқтатты. 20 жастағы күдікті салмағы 10,47 грамм болатын ірі көлемдегі альфа-PVP психотроптық есірткі заттарымен ұсталды. Бұл 35 бір реттік дозаны құрайды.

Құрықтау кезінде одан салмағы 4,6 грамм болатын синтетикалық есірткінің 10 бумасы табылды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ас үйден және қоқыс салынған жәшіктен альфа-PVP психотроптық заты оралған zip-пакеттер табылды.

Жауап алу барысында ұсталған адам есірткіні қалдырған мекенжайларды көрсетті. Сонымен 12 жасырын орыннан 5,69 гр синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ол Telegram мессенджеріндегі жетекшісінің нұсқаулары бойынша есірткі салынған бумаларды суретте көрсетілген орындарға барып алып отырған. Полицейлер қылмыстық әрекетке қатысы бар болуы мүмкін басқа тұлғаларды анықтау шараларын жүргізуде.

– Есірткі бизнесі саласына күдікті 2 апта бұрын келген екен. Өзінің қаржылық мәселелерін шешу үшін ол психотроптық заттарды тікелей байланыссыз өткізуді ұйымдастырған. Бір реттік жұмыс үшін оған 1200 теңге төленген. Қазіргі таңда есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қылмыстық іс бойынша одан әрі жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді