Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО полицейлері есірткі жасырумен айналысқан студентті ұстады

БҚО полицейлері есірткі жасырумен айналысқан студентті ұстады
Фото: polisia.kz

БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі жасырушыны ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 тамыз күні Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, сонымен қатар “Орал – есірткісіз қала” бағдарламасы аясында, есірткіні жасырумен айналысып жүрген 18 жастағы студентті ұстады.

Ол Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды. Оны жеке тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет табылып, тәркіленді.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді.

Ұсталған кезде бұл жігіт 4 зип-пакетті жасырып үлгерген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, жуырда БҚО аумағында “Орал-есірткісіз қала” атты нашақорлыққа қарсы бағдарлама іске қосылған еді. Осы бағдарлама аясында нашақорлықпен күресу ісіне барлық мүдделі ұйымдар жұмылдырылды. Аталған бағытта жұмыс жалғасады. Есірткі қылмысымен күрес – полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады