Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгін елімізде Абай күні атап өтілуде

Бүгін, 10 тамызда елімізде Абай күні атап өтіледі. Бұл - Қазақстанда мерекелік күнтізбеге енген күн. Мерекеге орай жыл сайын еліміздің ірі қалаларында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Айта кетейік, бұл мереке 2020 жылы қазақ ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында үкімет қаулысымен бекітілген. Мереке ресми демалыс күні болып саналмайды.  Абай күнінде биыл Алматы қаласында бірқатар іс-шара жоспарланған. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Абай алаңындағы ақын ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.Сондай-ақ сағат 11.00-де театр әртістері метрода ұлы ақынның композицияларын орындайды. Бір мезгілде Алматы музейінде Абайдың "Жидебай-Бөрілі" музей-қорығының қорынан экспонаттар көрмесі ашылады.

Сағат 17.00-де "Алатау" театрында "Күн артынан күн туар" концерті өтеді. Хор мен оркестрлік топ Көзімнің қарасы", Айттым сәлем, Қаламқас", "Татьянаның әні", "Қараңғы түнде тау қалғып" және басқа да әндерді орындайды. Ал Абайдың туған өлкесі Семейде ақынның туған күніне орай жерлестер бизнес-форумы өтеді. Абай облысының халқы хакім Абайға осылай құрмет көрсетпек.Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, бұрынғы Семей облысында кіндік қаны тамған, қазіргі Абай облысына тілеулес жандар туған жерге тағзым жасап, өзара пікір алмаспақ. Форумға түрлі салаларда табысқа қол жеткізген, туған қаласына деген сүйіспеншілігін және жаңа облыстың қалыптасуына көмектесуге ниетті кәсіпкерлер шақырылған.

Шара барысында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою, В2В форматында кездесулер ұйымдастыру, бизнес-форум өткізу, еліміздің өнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастыру жоспарлануда.  
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты