Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев Ақтау қаласының бірқатар негізгі инженерлік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вице-премьер КОС-2-нің екінші кезеңі қуаттылықты тәулігіне 30 мың м3-тен тәулігіне 70 мың м3-ке дейін жеткізу құрылысымен танысты. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Содан кейін Қанат Бозымбаев қаланың магистральдық жылу желілерін қайта жаңартуды қарады: жобаға сай 2024-2026 жылдар аралығында әкімдік 47 км-ден 44 км магистральдық жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ вице-премьер Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін «Каспий» су тұщыту зауытында болды. Мұнда ауыз судың өнімділігін тәулігіне 20 мыңнан 40 мың м3-ке дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іске қосу-жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады.
Әрі қарай вице-премьер «ҚазАзот» АҚ-да болды, онда KazAzot Prime жаңа аммиак-карбамид кешенін салу жобасы таныстырылды. Зауыт ауыл шаруашылығында қолданылатын азотты тыңайтқыштар шығарады, сондай-ақ 700 тұрақты жұмыс орнын құрылады.
Өңірде су тапшылығын азайту үшін «МАЭК» ЖШС аумағында өнімділігі тәулігіне 24 мың м3 су тұщыту қондырғыларын салу жоспарлануда.
Маңғыстау облысы бойынша тіршілікті қамтамасыз етудің барлық саласын қамтитын 2024-2027 жылдарға барлығы 118 институционалдық жоба жоспарланған. Бұл экономиканы әртараптандыру, тамақ өнеркәсібін дамыту, халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету, жылу желілерінің тозуын азайту, интернет желілерінің қамтылуы мен сапасын арттыру.
Вице-премьер өңірдің экологиялық проблемаларына тоқталды. Ол Жаңаөзен қаласындағы ҚТҚ стихиялық қоқыс үйіндісінің бұзылған жерлерін рекультивациялауды жеделдетуді, сондай-ақ «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын рекультивациялауды аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев аудандардағы, Жаңаөзен қаласындағы жолдардың сапасыздығын атап өтіп, бейінді министрлікке тиісті тапсырмалар берді.
Әлеуметтік салаға ерекше назар аударылды: облыс халқының әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алу, Жаңаөзен қаласында 18 пәтерлі тұрғын үй салу, Бейнеу ауданында 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық колледж салу.
«Білім беру саласында өте маңызды мәселе туындап отыр. Биыл 13 мектептің құрылысы аяқталып, келесі жылы тағы 8 мектеп тапсырылады. Кадрлар қажет. Өңірде оқытушылар мен дәрігерлердің тапшылығы байқалады. Өңірге қажетті мамандарды даярлау-стратегиялық мәселе. Мұқият талдау жүргізуді және осы бағытта университеттермен жұмыс істеуді тапсырамын. Біз жергілікті дарынды жастар мен балаларды қолдауымыз керек. НЗМ, РФММ, Дарын және Білім-инновация лицейі сияқты мектептерде оқуға квоталарды ұлғайтуымыз керек. «Қазмұнайгаз» компаниясы еліміздің жетекші мектептеріне 1000-нан астам талантты баланы оқытуға жіберуге дайын. Ал өңірге дәрігерлерді тарту мәселесін тұрғын үймен шешу қажет», — деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер Маңғыстау облысына сапары барысында, әлеуметтік-экономикалық дамудың шұғыл шаралар жоспарына толықтырулар енгізуге бір апта мерзім берді.