Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет резервінен Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінеді

Үкімет резервінен Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінеді
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметі Маңғыстау облысының тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін шаралар қабылдауда. Үкімет резервінен Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту»  жобасын аяқтауға 5,08 млрд теңге қаражат бөлінді. ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту мәселесі – Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Жоба 2021 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президентінің қатысуымен өткен «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» кеңестің хаттамасын орындау аясында іске асырылып жатыр.

Есепке сәйкес жобаны аяқтау зауытқа ауыз су өндіру көлемін тәулігіне 40 мың м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бұрынғы өнімділігі бұдан екі есе аз болған.

Осы жылдың 5 шілдесінде Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Ә. Смайылов жобаның іске асырылу барысымен танысты. Үкімет басшысы Маңғыстау облысының Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін зауытты іске қосудың маңызы зор екенін атап өтті.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға орындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді