Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды

Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды
Фото: primeminister.kz

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты. Іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ескі қан орталығы облыстық көпсалалы медициналық орталықтың ғимаратында орналасқан болатын. Қызметкерлер ондай тығыз жағдайда жұмыс істеу қиын болды, деп еске алады.

«Бүгін біз жаңа Қан орталығының ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Жылына 10 мың адамға қызмет көрсете алатын нысан аймақ үшін үлкен маңызға ие. Біздің басты мақсатымыз — ұлт денсаулығын сақтау. Дені сау ұлт — мемлекетіміздің дамуының кепілі», — деп атап өтті вице-премьер.

Тамара Дүйсенова сөз барысында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау саласындағы шаралар туралы да айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде елді мекендерде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын салу көзделген. Аудандық ауруханалар да жаңғыртылады.

Қызылорда облысында жыл сайын өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны донорлық қан тапсырады. Орталықта медициналық ұйымдардың сұранысы бойынша қан компоненттерінің шамамен 17 мың дозасын дайындау жоспарлануда.

Сонымен қатар іс-шарада өңірдің 11 медициналық мекемесінің басшыларына 70 санитарлық автокөліктің кілті табысталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті