Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар тобы құрықталды

Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар тобы құрықталды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар тобы құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“ІТ TERGEU” жобасы аясында прокуратураның үйлестіруімен қызылордалық жедел уәкілдер үйлерге ұрлыққа түсуді табыс көзіне айналдырып келген адамдар тобын құрықтады.

Аталған топ Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасап, “ізін суытпақ” болған кезде қолға түсті.

Құрықталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны екені белгілі болды. Тергеу барысында олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күшпен ашып, үй ішіне заңсыз кіріп, ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 млн теңге.

Бүгінгі күнде күдіктілер қамауға алынып, облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағаны анықталып, өзге де ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Өзге мән-жайлар Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 47-бабы және 201-бабы тәртібінде жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді