Павлодар облысында тиісті рұқсатсыз көліктерін қайта жабдықтаған 7 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жолда жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын адамдарға қатысты желіде бақылауды жетілдіру мақсатында 2024 жылғы 23-28 шілде аралығында Павлодар облысының аумағында “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
– 60-қа жуық автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: екі жүргізушіде міндетті сақтандыру жоқ, сегізі мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпеген, 15-і көлік құралын жүргізген кезде телефонды пайдаланған, 20-сы маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін. Бұзушылықтар үшін арнайы тұраққа екі автобус қойылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.
Мысалы Павлодарда Ломов көшесінде Mercedes-Benz Sprinter автобусын жүргізген жүргізуші тиісті бағыттағы жарық индикаторын оңға қарай қосуды ұмытып кеткен.
Естай көшесі 81-де ГАЗель автобусын жүргізген жүргізуші телефонмен сөйлескен. Кенжетаев көшесі 51-де жүргізуші Ford Transit автобусын отырғызу орындықтарын қайта жабдықтап жүргізген. Май ауданының Көктөбе ауылында ГАЗ-322132 автокөлігінің жүргізушісі бампер шегінен шығып тұрған доғасы бар автокөлікті жүргізген, бұл да заң бұзушылық болып табылады. Ақсу қаласында Mercedes Benz Citaro автокөлікінің жүргізушісі маневр жасаған кезде бұрылыс сигналын қосқан жоқ. Ал Павлодар ЖШС-нің бірі Mercedes-Benz Sprinter автокөлігін артқы бөлігіндегі әртүрлі модельдегі доңғалақтарымен жолға шығуына рұқсат берді.
Әрбір факті бойынша құқық бұзушылар жауапқа тартылды.