Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.22-07-2024, 15:31
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз