Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.
Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті
Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі
Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.