Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуының 446 фактісі тіркелді

Түркістан облысында жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуының 446 фактісі тіркелді
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуының 446 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері үш тәулікте 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Полицейлер балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 53 ата-ананы жауапқа тартты. Ұсақ бұзақылықтың 16 фактісі мен қоғамдық орында мас күйінде болудың 7 фактісін анықтады.

Түнгі рейдтер барысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуының 446 фактісі тіркелді.

– Түркістан қаласында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасынсыз үйден тыс жерде болуының 30-ға жуық фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескертулер берілді. Іс – шара алдағы уақытта да жалғасады, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Е. Асқаров.

Жалпы “Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы кезінде құқық бұзушылық жасауға бейім 56 жасөспірім мен қолайсыз 24 отбасы профилактикалық есепке алынды. Тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 118 кәмелетке толмаған мен 168 қолайсыз отбасы тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды және оларды қараусыз қалдырмауды ұсынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті