Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында полиция түнгі уақытта шу шығарған жасөспірімдерді анықтады

Павлодар облысында полиция түнгі уақытта шу шығарған жасөспірімдерді анықтады
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында полиция түнгі уақытта шу шығарған жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күн сайын ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізеді. Тек бір түнде белгіленбеген жерлерде кальян қолданудың екі фактісі тоқтатылды.

Құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Академик Сәтбаев көшесінде дүкенде ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болған кәмелетке толмаған бала тоқтатылды. Сондай-ақ сағат 01:00 шамасында полицияға пәтерлердің бірінде үйде шу шығарғаны, музыка қатты ойнағаны туралы қоңырау түсті. Шақыруға келген полиция қызметкерлері бірнеше кәмелетке толмағандар пәтер жалдап, сол жерде досының туған күнін атап өткенін анықтады. Алкогольді ішімдіктерді ішіп, көңіл көтеріп, аулаға шығып шу шағарған. Жеткізілгендер арасында колледж студенттері және мектеп оқушылары болды.

18 жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін ата-аналарына қатысты тиісті айыппұл салумен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болғаны үшін ата-анасы жауапқа тартылды, дейді Павлодар қаласы Солтүстік ПБ ювеналды полицияның аға инспекторы Ирина Емцова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты