Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбылдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз жүрудің және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күн сайын профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Тәртіп сақшылары жастардың көп шоғырланатын және ойын-сауық орындарын тексереді, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің үйлеріне барады.

Қазіргі таңда полиция бөлімшелерінде 341 жасөспірім және 336 тұрмысы нашар отбасы, 60 ата-аналық құқығынан айырылған немесе шектелген ата-ана есепте тұр.

Жыл басынан бері полиция бөліміне түрлі қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 6937 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 339 ата-ана, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тақырыбында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

– Біздің мақсатымыз – балалармен сенімді қарым-қатынас орнату. Ол үшін ата-аналар отбасында балаларына полиция қызметкерінің қиын уақытта әрдайым көмекке келетін досы әрі қорғаушысы екенін түсіндіруі өте маңызды. Себебі, кәмелетке толмаған жасөспірімдер өз құпияларын ата-аналарына қарағанда полиция қызметкерлеріне сеніп айтқан жағдайлар аз емес. Бұл өз кезегінде болуы мүмкін бiрнеше ауыр жағдайлардың алдын алуға көмектесті, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға түнде болуға тыйым салынған ойын-сауық орындарына тексеріс жүргіздi. Мұндай мекемелердің 199 әкімшісіне заң бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 2 миллион 928 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді