Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын" жолы төрт жолақты болады

Республикалық маңызы бар
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын" жолы төрт жолақты болады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қайта құру жұмыстары басталып кетті. Бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады. 

Құрылыс жұмыстары Ақтөбе өңірінің Хромтау ауданында жүріп жатыр. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласының қасында басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынады. Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында құрылыс жұмыстарының барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді.

"Нысан басында 120 маман мен 100 бірлік арнайы техника жұмыс жасауда. Құрылыс жұмыстары қарқынын арттыру мақсатымен тағы да қосымша мамандар мен арнайы техника жұмылдыру көзделді. Биыл мердігер ұйымдар барлық жер жұмыстарын аяқтап, сондай-ақ еріген қар суын өткізуге мүмкіндік беретін су өткізгіш құбырларды салады",- деп айтты Марат Қарабаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті