Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан тауар биржалары арқылы мұнай өнімдерін ішінара сатуды бастайды

Қазақстанда ағымдағы жылдан бастап бензин мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу жоспарланған, деп хабарлады Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, деп хабарлайды kazlenta.kz.


- Президент Жолдауының аясында мұнай өнімдері мен электр энергиясы саласында биржалық сауданы ретке келтіру және жетілдіру, сондай-ақ  бәсекелес саясатты дамыту бойынша тапсырма берілген болатын. Мәселен, биылғы наурыз айынан бастап бензин мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу жоспарланып отыр, бұл ретте бензинді өткізу көлемі Министрлік бекітетін ай сайынғы жеткізу жоспарларына сәйкес анықталатын болады, - деді Ноғаев Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.


Дизель отыны мен керосинді тауар биржалары арқылы өткізуді 2021 жылдың 3-тоқсанында бастау жоспарлануда.


Бұдан басқа, 2021 жылдың соңына қарай сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшу жүзеге асырылады, деп еске салды ведомство басшысы.


- Бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институты жойылады, - деп қорытындылады Ноғаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді